Құрметті ағайын-туыс,
құда-жекжат, дос-жарандар,
көршілер және әріптестер!
Арман ұстаз, жансыз ерек, білімді,
Бойыңызға жинағансыз ілімді.
Жырымменен құттықтайын деп едім
Қамал алар жасыңызбен бүгінгі.
Ұстазым деп, сізді айтамын, мақтанып,
Жүрген жансыз, ілім алып, Хақ танып,
Жиырма жылдай уақыт бойы келесіз,
Дін жолында қызметті сіз, атқарып.
Нағыз мына, ер жігітсіз саналы,
Отбасында отағасыз бағалы.
Жарыңызбен тәрбиелеп келесіз,
Алла берген сегіз тәтті баланы.
Ақыреттік достармыз ғой, расы біз,
Мен үшін де ханнан биік басыңыз.
Шалқар бауыр, осылай бір әндетті,
Құтты болсын жаңа келген, жасыңыз!